Шымкент қаласының білім басқармасының
«№55 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(8723) 53-39-16
(8707) 552-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
февраль
2023

"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"

    2023 жылдың 14 ақпан күні Шымкент қаласы 55 жалпы орта білім беретін мектебінде "ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" жобасы аясында халқымыздың ұлы жазушысы, қарымды қаламгер Мұхтар Әуезовтің “ Қараш-Қараш оқиғасы” повесінің мазмұны бойынша 8 “ В” сынып оқушыларының қатысуымен шығарманы талдау сабағы өтті. Сыныптан тыс өткізілген талдау сабағының мақсаты - жазушының оқырмандардың жоғары бағасына ие болған туындысы “Қараш - Қараш оқиғасының” мазмұнын терең игеруде оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, алған білімдерін қорыту, жинақтау.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Налибаева Айнур Жуматқызы шығарма мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, тек презентациямен ғана емес, арнайы “Quizziz” бағдарламасымен сұрақтар ұсынып, оқушыларды ынталандырды. Сондай-ақ, шығарманың толық мазмұнын “10 сөйлем” әдісімен жинақтап шықты. Бақтығұлдың тарихтағы реалистік бейнесіне шолу жасалып,  оқушылар оның іс-әрекетімен келісу-келіспеу жайында ой тұжырымдады. Сыныптан тыс өтілген талдау сабағында тарих беттері ашылып, қазіргі заманмен салыстыру жүргізілді. Сабақ соңында “Үздік оқырман топ” анықталып, әр топтан “Үздік оқырмандар “ да жеке-жеке аталып, қошеметке ие болды. 
Оқушылар бұл іс-шарадан білім-танымдарын кеңейтіп, танымын молайтып тарқасты.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив